...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда электрмен жабдықтау кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде

Алматыда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылыстан кейін тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қаланың энергетикалық ұйымдары жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосып жатыр. Қаланың электрмен жабдықталуы дәйекті түрде қалпына келтірілуде.

Барлық профильді қызметтер тұтынушылар толық қосылғанға дейін жұмысын жалғастыруда. Сондай-ақ қазір метрополитен жұмысы қайта жанданды. Электропоездар қозғалысы қалыпты режимде жүргізілуде.

Бұған дейін ең алдымен реанимация, операциялық бөлімшелер, қабылдау бөлімшелері, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері және басқа да маңызды жабдықтар резервтік қуатпен қамтамасыз етілетіні хабарланған. Төтенше медициналық көмек белгіленген тәртіпте көрсетілуде.

Еске салайық, бүгін Алматыда электр қуатының өшірілуі байқалды. Барлық қалалық қызметтер ауқымды блэкаутқа байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Бұған дейін KEGOC 14 тамызда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылыс болғанын хабарлаған. Электр беру желілері ажыратылып, энергетиктер кейін қуат беруді қалпына келтірді.

Қазақстан Энергетика министрлігі де электрмен жабдықтау жағдайына түсініктеме беріп, Өзбекстандағы электр қуатының үзілуі Қазақстанның энергожүйесіндегі апаттан болды деген ақпаратты жоққа шығарды.