
Бүгін, 3 мамырда, Алматыдағы Яссауи көшесінде орналасқан екі қабатты кафеде өрт шықты. Құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, 50 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ғимараттың екінші қабатындағы жиһаздан басталған. Өрт сөндіру бөлімшелері бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетіп, өрттің таралуын болдырмады.
«Бірнеше минут ішінде жеткен өрт сөндіру бөлімшелері оттың таралуына жол бермей, 50 шаршы метр аумақтағы өртті жедел сөндірді», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Куәгерлер оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Дереккөз: Nur.kz