
Алматыда алкоголь сату саласындағы бұзушылықтар анықталып жатыр. Медеу ауданындағы дүкендердің бірінің қызметі сот шешімімен уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, сауда нүктесінен алкоголь өнімдері тәркіленіп, сату лицензиясы тоқтатылды. Тексерулер тұрақты негізде мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілуде. Әрбір анықталған бұзушылық бойынша заңнама аясында шара қолданылады.
Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов бұзушылықтар үшін сауда нысандарының қызметін уақытша тоқтату тәжірибесі жалғасатынын атап өтті.
Полиция дерегінше, Алматыда алкоголь өнімдерін сату ережелерінің сақталуын бақылау жүйелі түрде жүргізілуде.
Дереккөз: Inalmaty.kz