
Түрксіб ауданында үш көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды. Changan, Porsche және Skoda маркалы автокөліктер соқтығысып, салдарынан Changan төңкеріліп қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға өткен түні Рысқұлов даңғылында болған.
Changan жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, қатардан қатарға ауысу кезінде Porsche-мен соқтығысқан. Соққының күшінен Changan инерциямен Skoda-ға соғылып, нәтижесінде төңкерілген, — деді Әзірбек.
Оқиға салдарынан Changan жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: Nur.kz