
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір көше жабылып, №25, №99 және №102 автобус бағыттарының схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, жұмыстар аяқталғанша бағыттар келесі схема бойынша жүреді:
№25 бағыт: солтүстік бағытта – Шәріпов көшесі – Рысқұлов даңғылы – Момышұлы көшесі – Мөңке би көшесі – Мәмбетов көшесі – Қожаханов көшесі, әрі қарай бұрынғы схемамен; кері бағытта – Қожаханов көшесі – Мәмбетов көшесі – Мөңке би көшесі – Момышұлы көшесі – Рысқұлов даңғылы – Шәріпов көшесі, әрі қарай бұрынғы схемамен.
№99 бағыт: батыс бағытта – Рысқұлов даңғылы – Момышұлы көшесінен кейін шығысқа бұрылып – Рысқұлов даңғылы – соңғы аялдамаға (Рысқұлов даңғылы / Шәріпов көшесі); кері бағытта – соңғы аялдамадан (Рысқұлов даңғылы / Шәріпов көшесі) бастап, әрі қарай бұрынғы схемамен.
№102 бағыт: солтүстік бағытта – Шәріпов көшесі – Рысқұлов даңғылы – Момышұлы көшесі – Мөңке би көшесі – Мәмбетов көшесі – Қожаханов көшесі, әрі қарай бұрынғы схемамен; кері бағытта – Қожаханов көшесі – Мәмбетов көшесі – Мөңке би көшесі – Момышұлы көшесі – Рысқұлов даңғылы – Шәріпов көшесі, әрі қарай бұрынғы схемамен.
Еске салайық, Алматыда үш көше 2026 жылдың 23 мамырынан бастап бір бағытты болды.
Дереккөз: Zakon.kz