Наурызбай ауданында Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі учаскесінде 17 шілдеден 30 тамызға дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл шектеулер Батыс кәріз коллекторының құрылысының жаңа кезеңіне байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер ұйым кәріз коллекторын орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі. Жүргізушілер мен жергілікті тұрғындарға қолайсыздықты азайту үшін учаскедегі қозғалыс жұмыс жүргізілетін аймақ шегінде кезең-кезеңімен шектелетін болады.
Әкімдікте Батыс кәріз коллекторы қаланың негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі екенін атап өтті. Құрылыс аяқталғаннан кейін су бұру жүйесінің сенімділігі артады, қолданыстағы және жаңа тұрғын аудандарды орталықтандырылған кәрізге қосу мүмкіндігі пайда болады, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдай жақсарады.
Алматы тұрғындары мен қонақтары маршруттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және уақытша шектеулерді түсіністікпен қабылдауды сұрайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz