
Алматыда пилоттық режимде аз шығарынды аймағы іске қосылды. Қазіргі кезде жүргізушілер үшін қозғалыс шектеулері мен айыппұлдар қарастырылмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы әкімдігінің экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, 28 сәуірден бастап мегаполисте аз шығарынды аймағының (LEZ) техникалық пилоттық жобасы іске қосылды. Пилот Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігі, Абай даңғылының солтүстігі, Желтоқсан көшесінің шығысы және Достық даңғылының батысы арасындағы төртбұрышта жүзеге асырылады. Жоба операторы — «Алматы Паркинг» МКК.
Басқармада бұл кезеңде жүйе сынақ режимінде жұмыс істейтінін, жүргізушілерге қозғалыс шектеулері, айыппұлдар немесе кіру ақысы қарастырылмағанын атап өтті. Негізгі мақсат — цифрлық инфрақұрылымды сынау және көлік ағындары мен олардың ауа сапасына әсері туралы деректер жинау.
Пилоттау кезеңінде шектеу шараларын енгізбестен, технологияларды пысықтауға баса назар аударылды. Біз автокөлік иелерін шектеу туралы айтпаймыз, технологияның өзін сынағымыз келеді, датчиктердің ақпаратты қаншалықты дұрыс жинайтынын, жүйелердің деректермен қаншалықты жылдам алмасатынын және инфрақұрылымның қаншалықты дайын екенін тексергіміз келеді. Біз болашақта ауаны тазартуға көмектесетін сенімді цифрлық іргетас құрып жатырмыз, бұл болжамға емес, нақты деректерге негізделеді, — деп түсіндірді басқармада.
Сынақ кезеңі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Аталған учаскелердегі қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылады.
Дереккөз: Nur.kz