...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Айнамалы көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады

Алматыда Айнамалы көшесінің бір бөлігінде қозғалыс бір айға шектеледі. Жол учаскесінде су құбыры мен кәріз желілері салынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеу 3 маусымнан 3 шілдеге дейін Алатау ауданы Теректі шағынауданындағы Марток көшесінен Орталық көшесіне дейінгі аралықта қолданылады.

Бұл учаскеде су құбыры мен кәріздің тарату желілері салынуда.

Жұмыс кезінде жол белгілері, көрсеткіштер мен қоршаулар орнатылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршрутты алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Дереккөз: Inform.kz