...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда автобус екі көлікпен соқтығысып, жүргізуші қайтыс болды

Алматының Жетісу ауданында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, №131 маршрутты автобустың жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы екі жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Қозғалыс барысында қоғамдық көлік жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, ол көлік басқаруды жоғалтқан. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Осы факті бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері басталған жан-жақты тергеу барысында анықталады.

Еске сала кетейік, жыл басында №92 маршрутты автобустың жүргізушісі рейс кезінде қайтыс болған еді. Бұған дейін Алматы облысында теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысып, алты адам зардап шеккен.

Дереккөз: Inform.kz