
Алматыда полиция қызметкерлері 20 жастағы Toyota жүргізушісін әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты. Бұзушы интернет-кеңістікті мониторингтеу барысында анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полициясының мәліметінше, автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі салон ішінде болған, яғни көлік құралында белгіленген орынға орнатылмаған. Бұзушының жеке басы жедел анықталып, ол Алматының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігітке мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізгені және арнайы дыбыстық сигнал құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік шара қолданылды.
Полицияда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды әлеуметтік желілерге контентке айналдыру әрекеттері басқа жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп төндіретінін және олардың жолы кесілетінін атап өтті. «Әрбір бұзушылық фактісі анықталып, кінәлілер толық көлемде жауапкершілікке тартылады. Жол — эксперименттер мен өзін-өзі жарнамалайтын орын емес», — деді ведомствода.
Дереккөз: Inalmaty.kz