...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Астана» алаңы бір тәулікке жабылады: GT SPORT FEST фестивалі өтеді

Алматы әкімдігі 2026 жылғы 3 қыркүйекте қала күніне орай 6 қыркүйекте GT SPORT FEST спорттық фестивалі өтетінін хабарлады. Осыған байланысты қаладағы «Астана» алаңы бір тәулікке жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

6 қыркүйекте сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

GT SPORT FEST фестивалі шамамен 1000 әуесқой мен кәсіби спортшыны біріктіреді. Фестиваль бағдарламасында – стритбол 3×3, киберспорт, брейкинг, BMX және автошоу.

Сонымен қатар, қалада ірі көшелердегі ашық кеңістіктер мен жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.