...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда алты баласы бар әйелді құтқарды: полиция іске араласты

Алматыда полиция қызметкерлері әйел мен оның алты баласын құтқарып, ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, түнде 102 пультіне Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде әйел өзіне және балаларына зиян келтірмек болғаны туралы дабыл түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері, ювеналды полиция, учаскелік инспектор және дәрігерлер келген. Үйде алты баласы бар әйел болған. Полицияның ақпараты бойынша, ол отбасылық жанжалдан кейін ауыр эмоционалдық күйде болған.

— Келген қызметкерлердің басты міндеті трагедияға жол бермеу болды. Полицейлер әйелді тыныштандырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Алатау ауданы Полиция басқармасына алып баруды ұйымдастырды, — делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта отбасына қажетті көмек көрсетілуде. Психологтар, профильді қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмысқа тартылып, әйелге кешенді әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетеді.

Дереккөз: Inform.kz