...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда аль-Фараби бойымен газ құбырын жөндеуге байланысты жол қозғалысы шектеледі

Алматыда маусым айында Медеу және Бостандық аудандарындағы орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстары басталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының хабарлауынша, жоба 17 мыңнан астам пәтер мен 288 жеке тұрғын үйді газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.

Жұмыстарды жүргізуге байланысты әл-Фараби даңғылының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша ішінара шектеу енгізіледі. Жаңғырту ұзындығы 1154 метр учаскені — Луганский көшесінен әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Қаратаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше айналма жолдарды пайдалану ұсынылады.

Бұған дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге кешенді дайындық жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Бүгінгі күні жоспарланған іс-шаралардың орындалуы 34%-ды құрайды.

Дереккөз: Inform.kz