Абай даңғылының бір учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Саина көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі, толық жабылмайды.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Еске салайық, 25 тамызға дейін Төле би көшесінде Әшімовтен Алатауға дейінгі аралықта қозғалыс жабық. Транспорттың айналып өтуі Сабденов көшесі бойымен ұйымдастырылады.
26 тамызға дейін Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабық.
24 шілдеден 30 қарашаға дейін Шымбұлаққа апаратын Медеу – Туюк-Су автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жылу маусымына дайындыққа байланысты 2026 жылдың 13 шілдесінен бастап Самал-2 шағын ауданындағы Снегин көшесінің Мендіқұлов бульвары мен Достық даңғылы аралығындағы учаскесінде автокөлік қозғалысы шектелген.
LRT құрылысына байланысты Момышұлы көшесінде Мөңке биден Төле би бойымен Абылай ханға дейінгі аралықта көлік қозғалысының екі ортаңғы жолағы жабық.
Айта кетейік, 20 маусымнан бастап мегаполисте Саина көшесінде Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Осыған байланысты арнайы сары түсті белгілер сызылып, тиісті жол белгілері орнатылды.
