...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 50 жылдық рекорд жаңарды: ауа 38 градусқа дейін қызды

Алматыда 16 шілдедегі температура рекорды жаңарды, бұл көрсеткіш 50 жылға жуық уақыт бойы сақталып келген еді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кеше мегаполисте ауа 38 градусқа дейін қызды, бұл 1976 жылы дәл осы күні тіркелген максимумнан асып түсті. Синоптиктердің ескертуінше, бұл шек емес. Алдағы күндері термометр бағандары +40, 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Дәрігерлер ең ыстық сағаттарда күнге шықпауға, көбірек су ішуге және балалар мен қарт адамдардың денсаулығына ерекше назар аударуға кеңес береді.

Дереккөз: Almaty.tv