
Алматыда 2026 жылдың көктемін қорытындылайтын 30 және 31 мамыр күндері көптеген қызықты мәдени іс-шаралар өтеді: ірі музыкалық фестивальдардан бастап жайлы ретро-концерттер, театр премьералары мен кино жаңалықтарына дейін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
31 мамырда сағат 18:30-да Алматы Аренада IOne fest фестивалі өтеді — бұл алғаш рет K-Pop және Q-Pop жанрларын бір сахнада біріктіретін үлкен музыкалық оқиға.
30 мамырда сағат 16:00-де Almaty Resort-та джаз әуесқойларына арналған ашық аспан астындағы «DO BE DOO» джаз-пикнигі өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары тегін қалалық көрмелерді тамашалай алады. Галереяларда «Линии с историями», «Течение жизни: Вода и ее цена» және Beyond the Silence фото көрмесі сияқты көркем және деректі экспозициялар өтеді. Өтетін орындар: Орталық мемлекеттік музей, Қастеев атындағы өнер музейі және қаланың арт-кеңістіктері. Кіру тегін немесе музей билетімен.
31 мамырда Омаров атындағы «Жас Сахна» театрында маусымның атақты премьерасы — «Взрослые дочери» қойылымы көрсетіледі.
30 мамырда сағат 18:00-де Лермонтов атындағы орыс драма театрында актерлердің сахна сыртындағы өмірі туралы классикалық комедия — «Шум за сценой» қойылымы өтеді.
30 мамырда сағат 19:00-де «Теплые летние дворы» шығармашылық кеңістігінде және қаланың лаундж-алаңдарында ХХ ғасырдағы кеңестік эстраданың аңызға айналған әндері орындалатын «Золотое ретро» гитаралық кеш-концерті өтеді.
30 және 31 мамырда сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркінің аренасында отбасы үшін экстремалды нөмірлері бар «Экстрим» американдық цирк шоуы көрсетіледі.
Қала кинотеатрларында әлемдік және қазақстандық премьералар көрсетілуде:
«Мандалорец и Грогу» — «Жұлдызды соғыстар» әлеміндегі ғарыштық оқиғаның жалғасы.
«Грязные деньги» — режиссер Гай Ричидің басты рөлдерде Джейк Джилленхол мен Генри Кавилл ойнайтын триллер-боевикі.
«Дьявол носит Prada 2» — жоғары сән әлемі туралы әйгілі драманың көптен күткен жалғасы.
«Мортал Комбат 2» — аңызға айналған ойынға негізделген жаңа фантастикалық боевик.
«Хотя бы кинода 4» — отандық комедиялық франшизаның жаңа бөлімі.
«Папасының Қызы» — қазақ тіліндегі отбасылық комедия.
«Mangyshlaq express. Пойыздағы паника» — пойыздағы оқиғалар мен дүрбелең туралы комедия.
«Богатыри» — қазіргі мектеп оқушыларының Ежелгі Руське түскені туралы ресейлік фэнтези.
«Құт» — балаларға арналған жаңа отандық ертегі-фэнтези.
Дереккөз: Inform.kz