...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 21-23 шілдеде жылу желілері сыналады: қай аудандарда

Алматыда 21-23 шілде аралығында жылу желілерінің гидравликалық сынақтары өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі АлТС-ке сілтеме жасап. Алмалы және Жетісу аудандарында жөндеуден кейін жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізіледі. Тексеру Сейфуллин даңғылы, Рысқұлов даңғылы, Бродский көшесі және Райымбек даңғылы контурында өтеді.

«Алматы жылу желілері» ЖШС-нің хабарлауынша, сынақтар күн сайын таңғы сағат 4:00-ден 7:00-ге дейін жүргізіледі. Осы кезеңде қала тұрғындары мен қонақтары сақтық шараларын сақтауы сұралады.

Қауіпсіздік шараларына қарамастан, сынақтар кезінде судың жер бетіне шығуы және жол жабынының ішінара бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар туындағанда, қала тұрғындары оқиға орнына жақындамауға және «Алматы жылу желілері» ЖШС-не 351-27-62 телефоны, call-орталықтың 341-07-00, 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014) нөмірлері, сондай-ақ 109 нөмірі бойынша хабарлауы сұралады.

Компания жұмыс жүргізілетін аймақта тұратын тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау өшірілмейтінін атап өтті.

Гидравликалық сынақтар қаланың жылу шаруашылығын жылыту маусымына дайындау аясында өткізіледі. Олар магистральдық және тарату құбырларының жағдайын тексеруге, сондай-ақ жылу желілерінің ықтимал проблемалық учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Inalmaty.kz