...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 2026 жылы ең танымал бала есімдері аталды

Алматыда 2026 жылы ең танымал бала есімдері анықталды. Ұл балаларға Алан, Алихан және Мухаммед есімдері жиі қойылса, қыз балаларға Айлин, Асылым және Томирис есімдері таңдалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік корпорация 2026 жылғы 18 маусымда бұл ақпаратты жариялады. Сондай-ақ, мемлекет бала туған кезде біржолғы төлем қарастырғаны еске салынды:

бірінші, екінші және үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде – 164 350 теңге жәрдемақы төленеді; төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК – 272 475 теңге; егіз, үшем немесе төртем туған жағдайда жәрдемақы әр балаға жеке тағайындалады.

2025 жылы Алматыда 40 846 бала дүниеге келген. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласының ресми халқы 2 362 463 адамды құрады.

Дереккөз: Zakon.kz