
Алматы қаласының прокуратурасы сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру саласындағы заңдылықты талдау барысында қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан жүйелі бұзушылықтар анықтады, бұл кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз ауыртпалық тудырған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Басқарма лауазымды тұлғалары кәсіпкерлердің хабарламаларын қарау мерзімдерін жүйелі түрде бұзған, заңда белгіленген төрт жұмыс күнінің орнына жауаптарды 6-15 жұмыс күнінде жіберген.
Кейіннен басқарма мемлекеттік кіріс органдарына бизнес субъектілеріне жарнама орналастыру үшін салықтың екі еселенген мөлшерлемесін қолдану туралы заңсыз бастама көтерген, ніби «хабарламасыз». Бұл тәжірибе 2 331 жарнама таратушыны қамтыған, ал заңсыз есептелген төлемдердің жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асқан.
Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілген, оны қарау нәтижесінде бизнес субъектілерінің жеке шоттарындағы негізсіз есептелген сомалар азайтылған.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін басқарма басшысының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кінәсін мойындап, тағайындалған айыппұлды толық көлемде төлеген.
Дереккөз: Inform.kz