Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде 20 жастағы қыз оныншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматыдағы Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Полиция оқиға орнынан бейнежазбаны таратты.
Құлау кезінде қыз бірінші қабаттың металл шатырына соғылып, содан кейін жерге түскен. Бұл оның өмірін сақтап қалған болуы мүмкін.
— Зардап шеккен қыз шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуді жалғастыруда, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, оқиғадан аз уақыт бұрын қыз бен оның жігіті арасында жанжал болған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын қосты.
Бұған дейін Алматыда тағы бір қайғылы оқиға болған еді: Баум тоғайында ағаш құлап, 19 жастағы қыз қаза тапты.
Дереккөз: Inform.kz