
Алматылықтар жаздың алғашқы айын жылылық пен күн сәулесімен қарсы алды, бірақ апта ортасынан бастап жаңбыр жауады. Синоптиктер 1-7 маусым аралығына арналған болжамды жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дүйсенбі, 1 маусымда ауа температурасы күндіз +31°C, түнде +21°C болады, ауа райы айнымалы бұлтты. Сейсенбі, 2 маусымда күндіз +28°C, түнде +22°C, айнымалы бұлтты. Сәрсенбі, 3 маусымда жаңбыр жауады, күндіз +24°C, түнде +18°C. Бейсенбі, 4 маусымда да жаңбыр күтіледі, күндіз +24°C, түнде +16°C. Жұма, 5 маусымда жаңбыр, күндіз +24°C, түнде +15°C. Сенбі, 6 маусымда айнымалы бұлтты, күндіз +25°C, түнде +15°C. Жексенбі, 7 маусымда қайтадан жаңбыр, күндіз +25°C, түнде +16°C.
Болжамды world-weather.ru сайты дайындады.
Дереккөз: Almaty.tv