
Алматыда 2 маусымнан бастап №2 және №48 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Бұл Искендиров көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
№2 бағыт оңтүстік бағытта Назарбаев даңғылы, Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Алдар Көсе көшесі және Жамақаев көшесі арқылы соңғы аялдамаға дейін жүреді. Кері бағытта қозғалыс Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы және Назарбаев даңғылы арқылы ұйымдастырылады.
№48 бағыт оңтүстік бағытта Достық даңғылы, Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Алдар Көсе көшесі және Жамақаев көшесімен жүреді. Кері бағытта автобус Жамақаев көшесі, Әл-Фараби даңғылы және Назарбаев даңғылы бойымен қозғалады.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеру сұралады.
Дереккөз: Inalmaty.kz