...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында 3400 метр биіктіктен 33 жастағы турист құтқарылды

Алматы тауларында 3400 метр биіктіктен өз бетімен түсе алмаған турист құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматының Медеу ауданында, Т1 гляциологиялық станциясының маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктікте Алматы қаласының мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары 1993 жылы туған турист әйелге көмек көрсетті.

Әйелді таулы жерден №23 әмбебап құтқару жасағына дейін аман-есен түсірді.

Одан кейін Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оны қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

«Тауға шығар алдында маршрутты алдын ала зерттеп, ауа райы болжамын тексеріп, ұялы телефонды қуаттап, жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлау қажет», — деп еске салды қазақстандықтарға.