...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тауында жоғалған турист аман-есен табылды: іздеу тоқтатылды

Алматы тауында жоғалған турист екі күндік іздеу нәтижесінде табылды, оған медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамыр күні ер адам Шымбұлақ бағытына жорыққа шығып, екі күннен кейін оралуға уәде берген. Белгіленген уақытта байланысқа шықпай, телефоны қабылдамаған соң, туыстары дабыл қаққан.

Іздеуге ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары шұғыл аттанды. Олар 3200 метр биіктікке көтеріліп, Шымбұлақ шыңына қарай беткейді жаяу тексерген.

Жоғалған адам маршрутты тексеру барысында табылды. Құтқарушылар оны «Медеу» мұз айдынына дейін қауіпсіз түсіріп, туыстарына тапсырды.

Дереккөз: Nur.kz