
Алматыда құтқарушылар таулы жерде велосипед теуіп жүріп бас жарақатын алған 16 жасар жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Оқиға Бутаковка өзенінің маңында болды. Велосипедпен серуендеу кезінде жасөспірім құлап, басынан жарақат алды.
Зардап шеккенге көмекке ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің қызметкерлері жедел келді, олар сол уақытта Кіші Алматы ауданында патрульдеу жүргізіп жатқан.
Құтқарушылар жасөспірімге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, одан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Зардап шеккеннің жай-күйі туралы хабарланбайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz