Алматы прокуратурасы бизнес нысандарын инженерлік желілерге қосу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында жекелеген табиғи монополия субъектілері «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді тиісті түрде орналастыруды және уақтылы жаңартуды қамтамасыз етпегені белгілі болды.
Қадағалау органының мәлімдеуінше, мұндай тәжірибе заңнама талаптарына сәйкес келмейді және реттелетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын бұзады, сондай-ақ тұтынушылардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуін шектейді.
Алматы қаласының прокуратурасы реттелетін қызметтер көрсету саласында заңдылықты қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.
