...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы–Өскемен трассасында жөндеуге байланысты жүру тәртібі өзгерді

Жетісу облысындағы Алматы–Өскемен республикалық трассасының бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

28 сәуірден бастап Алматы–Өскемен автомобиль жолының 213–234 шақырым аралығында жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібі өзгерді. Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде Алматы–Талдықорған бағытындағы қозғалыс әдеттегі режимде жүзеге асырылады. Ал Талдықорғаннан Алматы бағытына бет алған көліктер Мұқыры ауылы арқылы өтетін ұзындығы 27 шақырым айналма жолға бағытталды.

Жүргізушілерге маршрутты жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады. Атап айтқанда, уақытша жол белгілерін мұқият қадағалап, белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жөндеу жүріп жатқан аймақта аса сақ болу керек.

Дереккөз: Inalmaty.kz