...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы орталығында түнгі веложарысқа байланысты жолдар жабылады

Алматы қаласының орталығында түнгі веложарыс өтетіндіктен, бірқатар көше жабылады. Тұрғындарды алдын ала жүру бағыттарын жоспарлап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шараға байланысты 25 мамыр күні сағат 22:00-ден 26 мамыр күні таңғы 06:00-ге дейін келесі көшелер жабылады: Абай даңғылы (Байзақовтан Фурмановқа дейін), Достық даңғылы (Абайдан Самал-2 шағын ауданына дейін), Самал-2 шағын ауданындағы ішкі жолдар.

Қала әкімдігі тұрғындарға уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, балама жолдарды пайдалануды ұсынды.

Дереккөз: Inalmaty.kz