...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы – Өскемен тас жолында 22 тонна пластик жүк тиелген фура өртенді

Алматы – Өскемен тас жолының 302-шақырымында, Ескелді ауданында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Фураның шанағында 22 тонна пластик түйіршіктері болған, өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлік ашық жалынмен қатты өртенген.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері және «Ауыл құтқарушылары» ерікті құрамы қатысты. Олар отты толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.

Сонымен қатар Абай облысында өрт сөндірушілер базар маңындағы май цехының аумағындағы өртті жойды.