...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы облысындағы үй ауласына жылан кіріп кетті

Алматы облысында құтқарушылар жеке үйдің аумағынан табылған жыланды ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Оқиға Қарасай ауданының Шамалған ауылында болды. Жылан туралы хабарлама 112 қызметінің пультіне түскен.

Оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, елді мекеннен тыс жерге алып шықты. Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

ТЖД тұрғындарға жыландарды байқаған кезде сақтық шараларын сақтауды және дереу 112 нөміріне хабарласуды ескертті.

Дереккөз: Inalmaty.kz