Гидрометцентр сайтының мәліметінше, Алматы мен Астананы қайтадан қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіп тұр. ҚМЖ – бұл жер бетіндегі ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін Қазақстанның барлық 17 облысын +45°C-қа дейінгі қатты ыстық, ал кейбір өңірлерді бұршақ аралас нөсер жауын жабатыны хабарланған болатын. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, оңтүстікте – шаңды дауыл, түнде және таңертең батыста, солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Сонымен қатар, елдің бірқатар өңірінде өрт қаупі күтілуде. 2026 жылғы 14 шілдедегі ауа райы туралы толығырақ мына жерде.
Дереккөз: Zakon.kz