
15 маусымда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жүріп-тұруды жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 маусымда ҚМЖ Алматыда, түнде Ақтөбеде болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ туындаған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ұсынылады:
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
- ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.
Еске салайық, 15 маусымға Қазақстанның 17 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды.
Автор: Жанар Әлжанова
Дереккөз: Inform.kz