
Алматы маңындағы жеке үйді есірткі зертханасына айналдырған 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ІІМ дерегінше, заңсыз өндірісті 29 жастағы ер адам ұйымдастырған. Ол осы мақсатта жеке үй сатып алып, синтетикалық есірткі жасауға арналған арнайы жабдықтармен жарақтандырған. Жабдықтар мен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ қызметті үйлестіру интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы жүзеге асырылған.
Тінту кезінде құқық қорғау органдары 28 келіден астам α-PVP синтетикалық есірткісін, 880 литр прекурсорлар мен тыйым салынған заттарды өндіруге пайдаланылған зертханалық жабдықты тәркіледі.
Ведомствоның айтуынша, табылған партия зертханада өндірілген алғашқы өнім болып, шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның уақтылы араласуының арқасында есірткі заңсыз айналымға түспеген.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің мәлімдеуінше, күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қауіп төніп тұр.
ҚР ҚК 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөз: Zakon.kz