...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы маңында үш көлік соқтығысып, фургон аударылды

Алматы облысындағы Бұқтырма көшесінің оңтүстік бағытындағы сол жақ шеткі жолақпен Hyundai Creta көлігіндегі әйел келе жатқан. Оның алдында бұрылуға ниеттенген Mitsubishi Galant болған. Көлікті байқаған әйел оңға қарай жолақ ауыстыра бастаған. Сол сәтте Hyundai параллель қозғалып келе жатқан Volkswagen Caddy фургонымен соқтығысқан. Соққыдан Hyundai-ді Volkswagen Golf-ке лақтырған. Ал Volkswagen Caddy-ді бордюрге шығарып, көлік бүйірімен аударылған. Инерциямен оны тротуар бойымен тағы 10 метрдей сүйреген. Жол апаты салдарынан Volkswagen Caddy жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Апаттың мән-жайын жол полициясы анықтайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Дереккөз: Zakon.kz