...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мәдени ынтымақтастықты кеңейтіп, әлемдік деңгейде танылуда

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы халықаралық мәдени ынтымақтастықты айтарлықтай кеңейтті. Қалалық Мәдениет басқармасының хабарлауынша, алты ай ішінде әлемдік жұлдыздардың қатысуымен 37 концерт ұйымдастырылып, қалалық мәдениет мекемелері Қазақстанды әлемнің 10-нан астам қаласында таныстырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Маңызды оқиғалардың бірі – 26 маусымда Шанхай тарихи мұражайында «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» халықаралық көрмесінің ашылуы. Экспозиция Алматы мұражайлар бірлестігі қорларынан 100-ге жуық бірегей экспонатты біріктіріп, келушілерді қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен таныстырды.

Наурыз мерекесін тойлау аясында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі «Алматы әуендері» КМКК Австриядағы аты аңызға айналған Вена концерт залының сахнасында керемет концертпен өнер көрсетті.

Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Румыния мен басқа елдердегі халықаралық фестивальдерде өз қойылымдарын ұсынды.

Дереккөз: Almaty.tv