Алматыда 32 түрге жататын шамамен 1,5 мың жаңа өсімдік отырғызылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметінше, қалаға биіктігі 3,5 метрге жететін ірі ағаштар, сәндік түрде қалыптастырылған қылқан жапырақтылар, діңгекті өсімдіктер, бұталар мен гүлдейтін көпжылдықтар әкелініп қойған.
Олардың ішінде бірнеше деңгейлі тәжі қалыптасқан ересек ағаштар ерекше көзге түседі. Кейбіреуі бақ бонсайы стилінде безендірілген. Тәждің мәнерлі пішіні алдын ала жасалып, ағаш одан әрі өскен сайын сақталып отырады.
Өсімдіктер қатарында үнді лагерстремиясы, қара қарағай, метельді гортензия, раушандар, барбарис, күлгін эхинацея, шалфей, вербена және басқа да сәндік дақылдар бар.
Алматы үшін өсімдіктер ассортименті қытайлық мамандармен бірлесіп айқындалды. Оны қалыптастыру кезінде қаланың климаттық ерекшеліктері, температуралық ауытқулар мен қыстау жағдайлары ескерілді. Нәтижесінде жергілікті климатқа бейімделе алатын түрлер мен сорттар таңдалды.
Жақын уақытта жаңа өсімдіктер қала аумақтарына отырғызыла бастайды.
Бұған дейін агенттік Алматыға қаланы көгалдандыруға арналған ірі ағаштар қайдан әкелінетінін және өзінің қалалық питомнигін қашан құру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ Алматының Бас ботаникалық бағында «парик ағашы» деп аталатын скумпия кожевенная гүлдеді.
