...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазаланды

Әлеуметтік желіде Алматы хайуанаттар бағында бір әйелдің балаларымен бірге арыстанға тас лақтырып жатқан видеосы тарады, — деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Медеу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп, бұзушының жеке басын қысқа мерзімде анықтаған.

«Әйелдің жеке басы жедел анықталды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», — деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары жануарларға зиян келтіруі мүмкін, айналадағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе балаларға теріс үлгі көрсететін кез келген әрекет Қазақстан заңнамасына сәйкес қатаң құқықтық баға алатынын ескертті. Сондай-ақ хайуанаттар бағына және басқа да қоғамдық орындарға келушілерді мінез-құлық нормаларын сақтауға, жануарлар мен айналасындағыларға құрметпен қарауға және өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершіліктерін есте сақтауға шақырды.

Дереккөз: Almaty.tv