...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы екі күнге тәжік қарбызының астанасына айналады

Алматыда екі күнге созылатын тәжік қарбыздарының жәрмеңкесі өтеді. Сауда қатарлары Нұркент шағын ауданындағы Almaty Arena кешенінің алдындағы алаңда орналасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өз өнімдерін 40 фермер ұсынады, олар қалаға 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын қолжетімді бағамен әкеледі.

Сатып алушыларға маусымдық жемістер мен көкөністердің, табиғи кептірілген жемістердің, шығыс тәттілерінің және басқа да өнімдердің кең ассортименті ұсынылады.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.

Дереккөз: Zakon.kz