...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы Ботаникалық бағында «парикті ағаш» гүлдеді (видео)

Алматыдағы Ботаникалық бақта өңіріміз үшін сирек кездесетін өсімдік — скумпия кожевенная (лат. Cotinus coggygria), яғни «парикті ағаш» гүлдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ботаникалық бақтың Instagram-парақшасында гүлдеп тұрған скумпия кожевеннаяның бейнежазбасы жарияланды. Бұл — жапырақ тастайтын, қатты бұтақтанатын бұта немесе кішірек ағаш. Ол Анакардиевтер (Anacardiaceae) тұқымдасына жатады. Батыс Еуропада, Балқан түбегінде, Түркияда, Кавказда, Қытай мен Үндістанда кездеседі.

«Скумпияның басты ерекшелігі — оның сыпыртқы тәрізді гүлшоғырлары, олар гүлдегеннен кейін әуе мамық бұлттарға айналып, парикке ұқсайды. Жазда өсімдік жеңіл тұманмен көмкерілгендей, ал күзде жапырақтары жылы реңктерге — сарыдан қанық қызылға дейін боялады», — деп түсіндірді бақ қызметкерлері.

Сәндік қасиетінен бөлек, скумпия пайдалы қасиеттерімен де танымал. Оның жапырақтарында табиғи бояғыш — физетин бар, ол маталарды сары және қызғылт сары реңктерге бояу үшін қолданылады.

Скумпияның ағашы берік, жеңіл және шіруге төзімді, ал құрамындағы илік заттардың жоғары мөлшері өсімдікті тері өңдеу өндірісі үшін құнды етеді. Сондай-ақ өсімдіктің әртүрлі бөліктері дәстүрлі медицинада қолданылады, деп атап өтті Ботаникалық бақта.

Дереккөз: Nur.kz