...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайында 20 жастағы контрабандист Тайландтан 11 кг гашиш майын жеткізбек болды

Алматы халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлескен арнайы тексеру шаралары кезінде полиция қызметкерлері есірткіні контрабандалық жолмен өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бангкок (Тайланд) – Алматы әуе рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан жалпы салмағы 11 келідей болатын 12 пластик ыдыста гашиш майы алынды. Ағымдағы жылдың басынан бері жедел бөлімшелердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына есірткіні контрабандалық жолмен әкелудің 57 фактісінің жолы кесілді.

Бұған дейін Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен есірткі салынған қаптар табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: Zakon.kz