...
... Алматы
USD
EUR
RUB

16-жасар жігіт Алматы тауларында велосипедтен құлап, бас жарақатын алды

16-жасар жасөспірім Алматы тауларындағы Бутаковка өзенінің маңында велосипедтен құлап, бас жарақатын алды. ТЖМ баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Алматы тауларындағы Бутаковка өзенінің ауданында 16-жасар жасөспірім велосипед теуіп жүріп, құлап, бас жарақатын алған.

«Көмекке ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының Кіші Алматы ауданында патрульдеу жүргізіп жүрген құтқарушылары дереу келді. Құтқарушылар зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Осыдан кейін жасөспірім одан әрі тексеру мен емдеу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», — деді ТЖМ.

Дереккөз: Nur.kz