...
... Алматы
USD
EUR
RUB

11-13 маусымда Алматы мен Астанада жаңбыр, Шымкентте ыстық

Қазақстанда 2026 жылғы 11-13 маусым аралығында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда 11 маусымда ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С, жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, жаңбыр мен найзағай күтіледі. 12 маусымда түнде +14+16°С, күндіз +25+27°С, жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. 13 маусымда түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С, жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, жаңбыр мен найзағай.

Астанада 11 маусымда түнде +17+19°С, күндіз +25+27°С, жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. 12 маусымда түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. 13 маусымда түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С, жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай.

Шымкентте 11 маусымда түнде +15+17°С, күндіз +32+34°С, жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, жауын-шашынсыз. 12 маусымда түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С, жел батыстан 8-13 м/с, жауын-шашынсыз. 13 маусымда түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С, жел батыстан 8-13 м/с, жауын-шашынсыз.

Дереккөз: Zakon.kz