...
... Алматы
USD
EUR
RUB

1 маусымда Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай қала орталығындағы қозғалыс схемасы өзгереді. Шектеулер BalaFest-2026 фестиваліне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусымда сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығындағы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Тұрғындар мен қонақтарды маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруге шақырады. Ұйымдастырушылар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қала тұрғындарына түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Дереккөз: Inalmaty.kz