...
... Алматы
USD
EUR
RUB

1 мамырдан бастап Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді

1 мамырдан бастап Алматыда №27, №118 және №137 автобус бағыттарының қозғалыс схемасына түзетулер енгізіледі, өзгерістер қаланың бір учаскесіндегі жүру тәртібіне әсер етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мамыр айының басынан бастап Алматыда үш автобус бағытының – №27, №118 және №137 – қозғалыс схемасы өзгереді. Жаңартылған схема бойынша автобустар Төле би көшесімен жүріп, Алатау даңғылына шығып, әрі қарай өз бағыттарымен жүреді. Сонымен қатар, Жүнісов және Кенжетаев көшелеріне кіру схемадан алынып тасталды.

Өзгерістер қоғамдық көлік қозғалысын оңтайландыруға және бағыттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Дереккөз: Inalmaty.kz