...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Даулеткерей көшесі екі күнге жабылады

Алматыда Даулеткерей көшесінің бір бөлігінде жол жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеулер 30 мамырдан 1 маусымға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 мамыр сағат 6:00-ден 1 маусым сағат 6:00-ге дейін Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі жол учаскесі ішінара жабылады. Бұл шектеу асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеуге байланысты.

Жұмыстар «Алматыдағы батыс канализациялық коллекторын салу» жобасы аясында жүргізілуде. Жобаны энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша іске асырып жатыр.

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 35 шақырым болатын канализациялық коллектор салынады. Ол Жандосов көшесінен қалалық тазарту құрылыстарына дейін созылады.

Мамандардың айтуынша, жобаны іске асыру шамамен 200 мың тұрғынды орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтамасыз етуге, инженерлік желілердің сенімділігін арттыруға және қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауларын сұрайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz