...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Экономист Тайжан: мифы о проекте Almaty Super Ski не имеют оснований

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Almaty Super Ski жобасын талқылау барысында тараған өсектерге тоқталып, олардың негізсіз екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл жоба алғаш рет 2013 жылы талқыланған. Алайда осы уақыт ішінде тауларды ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары басталмаған. Нәтижесінде адам өлімі, жарақаттану, қоқыс жиналу, жолдардың тапталуы және ағаш тамырларының ашылуы сияқты мәселелер тіркелген.

— Қоғамда тау аймағында тұрғын үй кешендері салынады деген қауесеттер жиі тарады. Алайда бұл аумақ Іле-Алатау ұлттық паркінің қарамағында және ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін сақтап отыр. Заң бойынша ешкімнің онда тұрғын үй кешендерін салуға құқығы жоқ, — деді ол.

Тайжан тағы бір өсек — «бәрін ұрлап, таратып алады» деген пікірге жауап берді. Ол экономист ретінде бұл қаражаттың несиелік негізде бөлінетінін, сондықтан оны кез келген жағдайда қайтару қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «қар аз болады» деген мифті жоққа шығарды. Ол біздің таулардан бір шақырым төмен және оңтүстікте орналасқан «Amirsoy» курортында маусым бойы шаңғы тебуге болатынын, сондай-ақ Әзірбайжандағы «Шахдаг» кешенінде де дәл осындай жағдай бар екенін айтты. Тіпті Сауд Арабиясы шөлді климатқа қарамастан шаңғы курорттарын салып жатқанын, қазіргі технологиялар мұны толық мүмкін ететінін жеткізді.

Дереккөз: Almaty.tv