
Қазақстанның Измирдегі Бас консулдығы мен SunExpress әуекомпаниясы арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша 2026 жылдың 31 шілдесінен бастап Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей рейстер іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Рейстер аптасына екі рет, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін орындалады.
Жаңа бағыт Қазақстан азаматтарының, студенттердің, туристердің және бизнес өкілдерінің сапарларын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: Inform.kz