
Енді жаңа ережелер бойынша әуежай аумағына кіру Ахметов көшесі арқылы «Ақсұңқар» қонақүйінің қарсысындағы үш кіреберістен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жолаушылар мен қонақтардың ұшу уақытын алдын ала жоспарлауын сұрайды, себебі қарбалас уақытта кептеліс пайда болуы мүмкін.
Қосымша сұрақтар немесе кіруде қиындықтар туындаса, +7 777 009 90 68 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Сондай-ақ әуежай аумағындағы арнайы форма киген қызметкерлерден көмек алуға болады.
Бұған дейін Алматы әуежайында мас шетелдік азамат анықтама бюросының қасындағы шыны витринаны сындырып, тәртіп бұзғаны хабарланған. Ер адам Франкфуртке рейспен ұшуы керек еді, бірақ Еуропаның орнына полиция бөліміне жеткізілді.
Дереккөз: Zakon.kz