...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тұрғындарға тегін заң көмегі: кезексіз, сауда орталығында

Алматы тұрғындары енді қоғамдық орындарда – кезексіз және мекемелерге бармай-ақ тегін заң кеңесін ала алады. Мегаполисте тұрғындар мамандарға құқықтық сұрақтарын қоятын акция жалғасуда. Бұл жолғы «дөңгелектегі» кеңес қалалық сауда орталықтарының бірінде өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мұндай формат мәселелерді орнында шешуге және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба заң көмегін қолжетімді етіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырады.

«Бүгінгі күні жоба аясында 1000-нан астам азамат тегін заң көмегін алды. Барлық тұрғын кәсіби адвокаттар мен заңгерлерден кеңес ала алады. Бұл бастама азаматтардың мәселелерін шешуге ғана емес, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған», – деді Бостандық ауданы ПБ бөлімшесінің аға инспекторы Айдана Ибрагимова.

Дереккөз: Almaty.tv