...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Almaty Arena көпфункционалды кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Республикасы Кубогы мәреге жетті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен үздік балуандар қатысып, қорытындысында Алматы қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шәміл Ожаев алтын медаль жеңіп алса, 63 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Ардаков қола жүлдегер атанды.

Әйелдер күресінде алматылық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға ие болды. Қазақстан Кубогының жеңімпаздары: Айнұр Әшімова (55 келі), Жаныл Бекен (65 келі) және Жәмилә Бәкібергенова (68 келі). Қаламқас Жүніс (59 келі) күміс жүлдегер атанса, Алина Ертостік (76 келі) қола медаль алды.

Еркін күрестен Қазақстан Республикасы Кубогының чемпиондары: Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Санжар Досжанов (70 келі) және Ерхан Әбіл (79 келі). Сонымен қатар, Асыл Айтақын мен Бақдәулет Акимжан күміс, ал Мерей Базарбаев пен Родион Анчугин қола жүлдегер атанды.

Турнир барысында Нұрқожа Қайпановқа ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің «Қазақстан Республикасының Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісі табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Кубогының қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Дереккөз: Almaty.tv